Алматыдан шыққан ұшақ Қызылордаға қонуға мәжбүр болды

FlyArystan әуе компаниясының Атыраудан Алматыға ұшқан ұшағы Қызылордаға мәжбүрлі түрде қонды.

«1 шілде күні сағат 07:00-де Атырау-Алматы бағытында ұшып шыққан КС7196 рейсі жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлауына байланысты Қызылорда қаласында мәжбүрлі түрде қонды.

Жолаушы Қызылордадағы медицина мамандарының қарауына тапсырылды.
Бортқа жанармай құйылды, енді ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр», — деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметінен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *