Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні
Адамзат өркениетінің ең басты жетістігі демократиялық құндылықтардың қоғам құрылысын реттейтін халықаралық стандарттар деңгейіне көтерілуі дейтін болсақ, «бала құқығы» ұғымы сол демократиялық құндылықтардың негізгі нышандарының бірінен саналады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің мәліметі бойынша, 2022 жылдың басында елдегі 18 жасқа толмаған балалардың саны 6 млн 485 507 болған. 2011 жылдың басында бұл көрсеткіш 4 млн 851 538 еді.
Жалпы Қазақстан халқының санындағы балалардың үлесі – 33,9%. Оның ішінде қаладағы халықтың арасындағы үлесі 32,4% болса, ауылдағы үлесі – 36,2%.
Бүгінгі таңда елімізде балаларды дамытуға бағытталған 10 871 мектепке дейінгі ұйым бар. Оларда 922 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жүр. Осы 10 871 ұйымның 7 390-ы балабақша болса, 3 481-і шағын орталық.
Елімізде 7550 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда 3 млн 597 159 бала оқиды (2021 жылғы статистика).
2022 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Балалар жылы ретінде аталып өтті.