Полицейлер «Мигрант» шарасы кезінде 30-дан астам құқық бұзушыны анықтады

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және тиісті шаралар қабылдау бойынша рейдтер жүргізуде. Яғни базарларды, құрылыс және өзге де объектілерді, тұрғын үйлерді, қонақ үйлерді және адамдар көп жиналатын басқа да орындарды тексеруде.
Аталмыш жұмыс қорытындысымен 60-тан астам Өзбекстан азаматтары анықталды, ал 23 адамға ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар сотқа жолданды.
Бұдан басқа ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 7 тұрғын үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен
(Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік хаттама толтырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *