«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ШАРАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ САНЫ АЗАЙДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Аталған іс-шараға жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшыларымен бірге аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаев та ат салысты.
Рейд барысында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізілді.
Жүргізілген профилактикалық шара нәтижесінде аудан көлемінде жол көлік оқиғасы бойынша құқық бұзушылықтар саны 7-ден 5-ке төмендеп отыр.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *