ШАРДАРАДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шардара ауданында марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізілуде. Осы ретте Келес ауданымен шекаралас Жаушықұм массивіндегі зиянкестерді анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстарға Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауыл округтерінен және дербес бөлімдерден 100-ге жуық адам жұмылдырылып, шегірткенің шоғырланған 17 ошағы анықталды. Нәтижесінде 4000 гектар жерге анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 252 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.
Аудан бойынша бүгінгі таңға «Сырдария-Түркістан» МӨТП мамандары мен анықтаушылары 17000 гектар жерге зерттеу жүргізіп, шегірткенің 134 ошағына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Өңдеу жұмыстарына арнайы жабдықталған 4 бірлік МТЗ тракторлар, 44 бірлік аспалы бүріккіш аппараттары, 154 анықтаушы жұмылдырылған. Алдағы уақытта да шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізіледі.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі