«ЖАСӨСПІРІМ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, Жетісай ауданы аумағында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан шара нәтижесінде қазіргі таңға дейін жалпы 42 құқық бұзушылық фактісі анықталып, хаттама толтырылды. Оның ішінде ата-ана қарауынсыз жүрген 36 баланың заңды өкілдеріне шара көрілді.
Жасөспірім арасындағы құқық бұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара республика көлемінде жалғасып жатқанын еске саламыз!
Түркістан Облысының Полиция Департаменті