Манкент ауылында үйде дауыс беру жалғасуда
Референдумда үйде дауыс беру жұмыстары жалғасуда. Зейнеткерлер, мүгедектер мен референдум учаскесіне келіп дауыс бере алмайтын азаматтар өз таңдауларын жасауда. Оларға арнайы комиссия мүшелері үйлеріне барып жатыр.
«Мен үшін бүгін тарихи күн. Себебі, референдумға дауыс беріп, өз таңдауымды жасап отырмын. Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды сәт, әрбір дауыс – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын қадам. Өз елімнің дамуы мен тұрақтылығы үшін үлес қосу – мен үшін үлкен мәртебе. Тәуелсіздігімізді нығайтып, ертеңімізге сеніммен қарау – әр азаматтың парызы. Бүгінгі таңдауларымыз ортақ болашақтың негізін қалайды. Сондықтан әр дауыс маңызды және елдің болашағына әсер етеді. Баршаңызды референдумға белсене қатысуға шақырамын» — деді зейнеткер Ашим Қалтуғанова.