Түркістанда іскер әйел гүлдер дүкенін ашты
Түркістан қаласындағы ірі сауда орталықтардың бірі — «Қуаныш» сауда орталығынан «Раяна» атты дүкен есігін айқара ашты. Жеке кәсіпкер, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Умарова Дильноза Анарбаевнаның басқаруындағы сауда нүктесі салтанатты жағдайда ашылды.
Отбасылық кәсіпті қолға алған Дильноза ханым ашқан сауда нысанында декартивті гүлдер мен үй жағдайында баптайтын гүлдер, сәндік гүлдер және сувенирлер, түрлі сыйлық түрлері сатылады. Екі қабатты дүкеннің ашылуына ел ағалары мен мәртебелі меймандар қатысты. Олардың қатарында «Қуаныш» сауда орталығының директор орынбасары Талғат Садвахасов, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаров, Сауран аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Шакиров Сұлтанғали Сартайұлы, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Фархадұлы бар. Құрметті қонақтар жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, дүкеннің лентасын қиды. Дильноза ханымның кәсібін қолдау мақсатында бірқатар қауымдастық мүшелері де қуанышты сәттен табылды.
Гүлдер мен көзтартар түрлі сыйлықтарға толы дүкен ішін аралап көрген қонақтар шашу шашып, құттықтауларын білдіріп, арнайы дайындалған жәрмеңкені тамашалады. Онда Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылған. Ал ашылу салтанатына келген қонақтарға арнайы лоторея ойындары ұйымдастырылды. Фуршедтік дастархан жайылып, дәмді тағамдар мен тәттілер ұсынылды.
Енді қандайда бір мерекелік жиындарға сыйлықтар мен гүлдерді іздесеңіздер «Қуаныш» сауда орталығы «Нан өнімдері» павильонында орналасқан «Раяна» дүкені Сіздерді асыға күтеді. Бұл жерден таңдауыңыз бен талғамыңызға сәйкес тауарларды таба аласыздар.