Достық пен ынтымақтастық — жұмысымыздың басты құндылығы
Атаева Насиба басқарып отырған өңіріміздегі орасан кәсіпорындардың бірі «Ақ жол» ЖШС Түркістан, Кентау, Шәуілдір, Иқан, Атабай, Шорнақ, Шобанақ елді мекендерін түрлі нанмен, тортпен, тәтті нан-тоқаш өнімдерімен, шұжық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда бөлке нан, батон, бұрама нан, ромашка, қарабидай наны, хош иісті нан, таба нан, жаппа нан, пәтір, майқоспалы бөлке, тоқаш, конек, қарабидай-бидай, күн мен түн, шығыр нан, ширатпа тоқаш, кепкен нан, багет, сарымсақпен піскен батон, пряник, кекс, роза атты алуан түрлері шығарылады. Сонда-ақ дәмі мен иісі анық білінетін, сүт, ванилин татымды «Фруктовый», «Киевский», «Маковый», «Шоколадты», «Бал қосылған», «Грильяж», «Дуэт», «Даниэла» тәттілерін осында кездестіруге болады.
Өз ісіне шынайы берілген білікті басшы «Менің айналамда керемет адамдар бар. Менің үлкен жетістіктерімнің бірі — әріптестерімнің сенімі мен адалдығы. Менің еңбегімнің нәтижесі оларда және жұмыстарында көрінеді. Мен әрқашан қызметкерлермен бір деңгейде сөйлесуге тырысамын. Жұмыс алаңындағы энергия мен позитивті ешқашан сөзбен жеткізе алмайтын шығармын. Біздің команда әрқашан достық пен ынтымақтастықпен ерекшеленеді — мен үшін бұл біздің жұмысымыздың басты құндылығы» дейді.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Жастар Қанаты» көшбасшысы Атаева Насиба Сабиржанқызы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіп, халыққа барынша жағдай жасау жолында өзіндік үлесін қосқан жас маман. Ауыл-аймақты аралап, халықпен кездесіп, көпбалалы отбасылардың және жалғызбасты аналардың мүң-мұқтажын тыңдау арқылы әлеуметтік мәселелердің оң шешімі табылуына аянбай ат салысты.
«Партияның облыстық мәслихат депутаты ретінде ел келешегінің кемел болып, бірлігі мен тұрақтылығын сақтау жолында жинаған білімім мен тәжірибемді қолданып, аянбай еңбек етемін» деп ант берген жас депутаттың бүгінде атқарған шаруалары ауыл-аймақ тұрғындарының сенімдерін қанағаттандырғаны сөзсіз.