Әсел «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша ауруханаға жұмысқа орналасты

Мемлекеттің экономикалық әлеуеті халықтың қаншалықты жұмыспен қамтылған мен өлшенеді. Демек, мемлекеттік бағдарламалардың елдің дамуында тигізер әсері зор. Мемлекеттік бағдарламалардың бірі «Жастар практикасы» болып табылады. «Жастар практикасы» жобасының мақсаты- университет пен колледж бітірген азаматтарды мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу. Яғни олардың тәжірибе жинап, белгілі бір қызметке бейімделуіне жәрдемдесу. Тек бір ескере кететіні жобаға оқу бітіргеніне 5 жылдан аспаған, 35 жасқа дейінгі жас маман ғана қатыса алады.

«Жастар практикасы» жобасымен мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін бастаған жастардың бірі – Жанысбек Әсел Шерғалиқызы. «Мейір-Бейс» оқу орнының түлегі білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін Төлеби аудандық мансап орталығының қызметіне жүгінген. Жұмыссыз ретінде тіркеліп, жолдамамен Леңгір қалалық ауруханасына жұмысқа жолданған.

Айта кетейік, былтыр Түркістан облысында 109 716 жұмыс орнын ашу жоспарланса, барлығы 133 620 жұмыс орны ашылып, жоспар 121,8%-ға орындалды. Атап айтқанда, 93 422 адам тұрақты, 40 198-і уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ұлттық жобалар аясында  іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша  5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Нақты 432 жобаны іске асыру нәтижесінде 3 651 адам (73%) жұмысқа тартылды. Жұмысқа орналасқан 3 623 адаммен электрондық еңбек келісімшарты (ЭЕК) түзіліп, 3 485 адамға (95%) міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылды.

«10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру» бағдарламасы бойынша 22 595 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда нақты 32 913 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2023 жылы 91 521 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 54 406 адам (жоспар – 44 729 орын) тұрақты жұмысқа жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 81,9%-ына МЗЖ аударылып, олардың 74,7%-ымен ЭЕК түзілген. Ал, 37 115 адам (жоспар – 32 910 орын) уақытша субсидияланған жұмыс орындарына жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 97,9%-ына МЗЖ аударылып, 96,4%-ымен ЭЕК түзілген. Сонымен, өңіріміз бойынша 5 275 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 18 600 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 9 007 адам «Жастар практикасы», 2 130 адам «Алғашқы жұмыс орны», 2 103 адам «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *