Түркістан облысында сирек кездесетін аурулармен ауыратын 114 бала бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген

Бүгінде облыста сирек кездесетін аурулармен ауыратын 114 бала тиісті дәрілік заттармен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, 28 бала «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен қымбат тұратын дәрілік заттармен қамтамасыз етілуде.
Халықтың денсаулығын сақтау, жақсарту, қауіпті аурулардың алдын алу – маңызды мәселе. Айта кетейік, қазіргі таңда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл облыс көлемінде 49 медициналық пункттің құрылысы басталған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 мединицалық пункт бар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, өңірдің медициналық қызметкерлермен қамтылуы республика деңгеймен салыстырғанда жоғары. Алайда, бүгінгі таңда 245 бейінді маманға тапшылық байқалуда. Осы мәселені шешу үшін биыл облыс есебінен бейінді мамандарды оқытуға, резидентураға 139 грантқа қаржы бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар ауылға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек қаржысын ұлғайту жұмыстары қолға алынуы қажет.
Былтырғы жылы 712 дана құрылғы, оның ішінде 32 медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Медициналық ұйымдарға үнемделген қаржы есебінен 4 санаттағы 75 «Жедел жәрдем» автокөлігі және 716 компьютер берілді. Биыл медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 6 млрд. теңге қаржы қарастырылды.
Одан бөлек, өңірде 61 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету нысандары қажет. «Аталған мәселені инвестор салған дайын ғимаратты сатып алу немесе жеке клиникасы бар медициналық ұйымға елді мекеннің халқын тіркеу арқылы шешуге мүмкіндік бар» дейді сала мамандары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *