Балакүлдің бақшасында көкөністің түр-түрі бар
Созақ ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқан азаматтардың саны артуда. Жобаны ұтымды пайдаланған Жартытөбе ауылының тұрғыны Жамал Балакүл 6 млн теңге несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты.
Жартытөбе ауылына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков диқандықты қолға алған кәсіп иесінің жұмысымен танысып, жаңа бастамасына жеміс тіледі. Кәсіпкердің айтуынша қазіргі таңда ондағы бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіліп, жылына екі рет өнім алуды жоспарлануда.
Бүгінгі қазақ әйелдері отбасының ұйытқысы, берекесі ғана емес, қоғамның да ұйытқысы болып жүр. Мемлекет басшысы олардың елге қызмет атқаруымызға мүмкіндік беріп, қолдау көрсетуде. Түркістан өңірі – ел демографиясына үлкен үлес қосып отырған облыс. Мұнда 177 мыңнан аса көп балалы ана тұрады. Өңіріміздегі аналары дүниеге сәби де әкеледі, қызмет те жасайды, кәсіпкерлікпен де айналысады. Бір сөзбен айтқанда, олар әмбебап, өмірге икемді, бейімделгіш келеді. Облыс көлемінде 155 мың кәсіпкер болса, оның 32%-ы немесе 48 мыңға жуығы әйел.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 506 кеңес берілді. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында өткен жылы Түркістан облысы бойынша жалпы 330 кәсіпкер 22,799 млрд. теңгеге, соның ішінде 135 кәсіпкер әйел 6,158 млрд. теңгеге қаржыландырылды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 2022 жылы 712 кәсіпкер әйелдің, 2023 жылы 166 кәсіпкер әйелдің банктен алған несиелері субсидияландырылды. Бүгінде облыста «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 18,9 млрд. теңгені құрайтын 3143 өтінім мақұлданды. Оның 592 өтінімге арналған 3,3 млрд. теңгесі әйел кәсіпкерлерге тиесілі болып отыр.