Ажар жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

Түркістан қаласының тұрғыны Ажар Бимырзаева 5 баланың анасы, ұлттық өнерді кәсіпке айналдырып отырған шебер. Ол жастайынан тігіншілікке қызыққан ол бүгінде нәзік жандылардың көңілінен шығатын түрлі сөмкелер мен қыз жасауларын, сондай-ақ, балаларға арналған жұмсақ ойыншықтар тігіп сатады.

Көпбалалы ана сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдыру үшін қайтарымсыз грант жеңіп алып, бүгінде өз шеберханасын ашқан. Өзі сияқты тігіншілікке құмар жандарды жұмыспен қамтып отыр.

– Бала кезімнен қуыршақтарға киім тігуге қызығатынмын, кейіннен өзіме керекті сөмке, сырт киімдерімді өзім тігіп алатын болдым. Тіккен киімдерім ортама ұнап, шабыт ала бастадым. Сосын сүйікті ісімді хобби ретінде ғана емес, табысты кәсіпке айналдырғым келді. Болашақта шағын шеберханамды үлкейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап жүрмін, – дейді тігінші.

Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ.

Бүгінгі таңда өңірімізде 400 мыңнан аса отбасы бар.  Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Сондықтан ана мен бала құқығын қорғау, ардақты аналардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – үлкен міндет.

Қазіргі таңда облыста 183 мыңнан аса көпбалалы ана бар.  Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.

Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5659 мемлекеттік қызметшінің 1542-і немесе 26,9%-ын  нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 244-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *