Аналарға арнап «Ашық есік» күнін өткізді

Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ң ұйымдастырумен және «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қолдауымен аналарға арнап «Ашық есік» күні өткізілді. «Ана өмір» тақырыбында ұйымдастырылған шараға «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының консультанты Бейсен Самбетов, Кентау қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Бағлан Янкин, Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Ә.Мұратов, Кентау қалалық мансап орталығының бас маманы Дамира Асқынбай, қалалық орталық емхананың психологы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қатысып, «Ашық есік» күніне келген аналардың сұрақтарына жауап берді.

Қоғамда әйел рөлінің маңыздылығы, отбасыдағы кикілжіңнің шешу жолдары, партияның басты жобаларының мақсаттары мен міндеттерін, мемлекет тарапынан көрсетілетін ұлттық бағдарламалардың мән-жайы кеңінен түсіндіріліп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға қандай көмек түрлері көрсетілетіні де жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 400 мыңнан аса отбасы бар, оның 183 мыңнан астамын көпбалалы аналар құрайды. Оның ішінде 17 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ өсіріп жатыр.

Өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 213 020 кәсіпкер болса, оның 68 000 мыңға жуығы – шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды. Ана мен балаға қамқорлық таныту мемлекеттік саясаттың басты тұғыры болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *