Ордабасыда оңды істер көп

Ордабасы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты деңгейде. Нақты статистикалық көрсеткіштерге жүгінер болсақ, жалпы өңірлік өнім көлемінің жылдық жоспары 160,7 млрд. теңге болса, 3 айда 22,9 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 7,5 пайызды (2023 ж.3 ай – 21,3 млрд.тг) құрады. Жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 177 мың теңгеден келеді. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымы бойынша былтыр 52 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болып, өнеркәсіпке 23 пайызы, саудаға 15 пайызы, құрылысқа 10 пайызы тиесілі болды.

Ауыл шаруашылығы саласының жылдық жоспары 83,2 млрд. теңге, 3 айда 9,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 15,4 пайызға артты (2023 ж.3ай–7,7 млрд.теңге). Шұбарсу ауыл округінің 2024 жылдың шығыстар жоспары 258 млн. 679 мың теңге. 3 айдағы жоспар 100 пайыз игерілді (жоспар 45,5 млн.тг, игерілгені 45,5 млн).

2024 жылдың кірістердің жылдық жоспары 258 млн. 679 мың теңге. Оның ішінде өзіндік кірістердің жылдық жоспары 165 млн. 213 мың теңге, ағымдағы жылдың 3 айында округ бойынша жоспарланған бюджет кірістері 176%-ға орындалды.

2023 жылдың 7 айында Шұбарсу ауыл округіне         2 млрд. 444 млн.теңге жеке инвестиция (7 ай жоспары 1 млрд.203 млн.тг.) тартылып орындалуы 203,3 пайызды құрады. 2023 жылы инвестициялық құны 10,8 млрд.тг. құрайтын 9 жоба, 328 жұмыс орнымен іске қосу межеленді.

Айта кетейік, өткен жылы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім байқалды. Мәселен, Түркістан облысында рекордтық өнім – 3,3 миллион тонна көкөніс жиналды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 1 триллион теңгеден асып, бұл өңірдің осы көрсеткіш бойынша республикада көш бастауына мүмкіндік берді. Облыстың басқа салаларында да өсу динамикасы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *