Қазығұрт ауданында 61 елді мекеннің 49-ы табиғи газбен қамтамасыз етілді

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында 61 елді мекеннің 49-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. «Елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр» дейді сала мамандары.

Айталық, былтыр Шанақ, Ақжар, Ызабұлақ елді мекендерінде табиғи газ құбырын жүргізуге жалпы 544 млн.теңге бөлінген болатын. Нәтижесінде жыл қорытындысымен елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 79 пайыздан 84 пайызға жетті. Ал, биыл ескі Шанақ, Бақабұлақ, Шанақ бекеті секілді елді мекендерді табиғи газбен қамту үшін қазынадан 204 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Облыс елді мекендерін табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Соңғы он жыл ішінде ауыл-аймақтарға газ әкелу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Былтыр облыс бойынша 2 119 063 тұрғыны бар 832 елді мекеннің 465 елді мекені (55,9%), яғни 1 537 588 тұрғын (72,6%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. Биыл 107 нысанның құрылысына 17,5 млрд. теңге (ҰҚ-8,3 млрд. теңге, РБ-2,2 млн. теңге, ОБ-7 млрд. теңге) бөлініп, оның ішінде 62 нысанның құрылысы осы жылы аяқталады деп күтілуде. Соның нәтижесінде 50 елді мекен, 3-АГТС, 3 жеткізуші газ құбыры, 12 шағынаудан, 115 845 тұрғын табиғи газға қол жеткізбек. Қалған 45 нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, 515 елді мекен (61,9%), яғни 1 653 433 тұрғын (78%) табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алады. Газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бүгінге дейін облыста 19 елді мекен, 3 шағынаудандағы 46 мыңға жуық тұрғынға газ берілген. Мәселен, Сауран ауданындағы Бершінтөбе елді мекенінде 3,5 жылдай құрылысы тоқтап қалған газ нысаны құрылысының мәселесі шешіліп, елді мекен тұрғындары таяуда табиғи газға қол жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *