Ақсақалдар кеңесінің жалпыұлттық бірлікті сақтауда еңбегі зор

«Ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту» секілді ерекше міндетті арқалаған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамдас бір бөлігі – Ақсақалдар кеңесі. Сайрам ауданы әкімдігі жанынан құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің II тоқсандағы отырсына Сайрам ауданы бас имамы Арыстан Оспанов қатысты.

Қазақ қай заманда да үлкенді сыйлаған, ақсақалдардың аталы сөзіне тоқтаған. Ал, ауызы дуалы қарттарымыз әрдайым елдің ұйытқысы болған. Сондықтан ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру әсіресе этнос өкілдерді көп шоғырланған Сайрам ауданында жүйе түрде жүргізіледі.

Реті келгенде айта кетейік, Ассамблея еліміздің саяси өміріне әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік саладағы қазақстандықтарды тартып, жұмысын жандандырып отыр. Ассамблея жанындағы ақсақалдар және аналар кеңесінің, ғылыми-сарапшылық топтың, медиация кабинетінің орны ерекше. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ел бірлігін сақтауда олардың алар орны орасан зор.

Ақсақалдар кеңесі – қоғамдық және тұрмыстық қатынастарды зерделеу, халықтың проблемалық және өзекті мәселелері бойынша тыңдау өткізу, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сала мамандарымен өзара іс-қимыл ұйымдастыру, тиісті органдармен бірге этникалық деңгейге өтуі мүмкін жанжалдарды шешуге атсалысу, халық арасында бірлікті нығайту мәселелері бойынша кездесулер өткізу, мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізу сынды бірқатар өкілеттіктерге ие. Міне, сондықтан да елдің мүддесі үшін құрылған ақсақалдар кеңесінің атқарған жұмысы өте көп. Өскелең жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін ояту мақсатында мектептер мен арнаулы оқу орындарында кездесулер өткізуде. Ұлтаралық татулықты сақтауға да атсалысуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *