Алматыда заңсыз салынып жатқан дүкен сот шешімімен бұзылды
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, дүкен «Шұғыла» шағын ауданы, Жүнісов көшесі, 47 мекенжайында заңсыз салынған.
Меншік иесі рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үйді пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскеде өз бетінше заңсыз құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижиесінде ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1және 321 бөлімі бойынша әкімшілік шаралар қабылдады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді.
«Меншік иесі ұйғарым талаптарының орындалуы туралы ақпаратты тиісті уақытта басқармаға ұсынбады. Нәтижесінде 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Наурызбай аудандық сотына заңсыз нысанды бұзу туралы талап арыз түсірді», — деп хабарлады басқармадан.
2022 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.
«Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұзуда», — деп атап өтті басқарма өкілдері.