Шымкенттегі этноауылда екі мың литр наурыз көже таратылды
Шымкентте наурыз мерекесі тойланып жатқан этноауылда 160 киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды.
Думанды мерекеге келген қонақтар арнайы әзірленген наурыз көжеден дәм татты. Этноауылда 2 тонна көже пісіріліп, қонақтарға таратылды.
«Біз Наурыз мерекесін тойлау үшін Шымкентке арнайы келдік. Шымкенттің адамдары да ауа райы секілді жылы екен. Бүгінгі ипподромдағы мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жыл сайын наурызды осында тойлауды жоспарлап отырмыз», — дейді Петропавл облысынан келген қонақ Фатима Қадірова.