ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының басшылары мен өкілдері, әкім орынбасарлары, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Комиссияның кеңейтілген отырысына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Н.Құдайберген қатысты.