Кентауда құрылыс саласында жаңа жобалардың жүзеге асырылуда

Кентау қаласында 2025 жылдың алғашқы үш айында тұрғын үй құрылысы мен құрылыс саласындағы көрсеткіштер айтарлықтай оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде қала инфрақұрылымының дамуын және тұрғын үй нарығындағы белсенділікті арттыруға әсер етуде.

Айталық, Кентау қаласы бойынша 2025 жылдың алғашқы үш айында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 6328 шаршы метрді құрады. Бұл өткен 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елеулі өсімді көрсетеді, өйткені 2024 жылы осы кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 5107 шаршы метрді құраған болатын. Яғни, тұрғын үй құрылысы 2024 жылмен салыстырғанда 24% өсті.

Тұрғындар есебінен салынған тұрғын үй көлемінің артуы, қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуының жақсарып жатқанын білдіреді. Бұл көрсеткіш қаладағы тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстардың нәтижесі ретінде қарастырылуы тиіс. Кентау қаласында жаңа тұрғын үйлердің пайда болуы, тұрғындардың жағдайын жақсартуға және қала инфрақұрылымын жаңғыртуға септігін тигізуде.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы үш айында құрылыс жұмыстарының көлемі 2798,1 миллион теңгені құрады, бұл өткен 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,3% өсті (2024 жылы осы кезеңде құрылыс жұмыстарының көлемі 2099,8 миллион теңге болған). Құрылыс саласындағы мұндай өсу, жалпы қаланың инфрақұрылымдық дамуына бағытталған жұмыстардың кеңеюін білдіреді. Бұл көрсеткіш қаланың құрылыс секторындағы инвестициялардың өсіп, жаңа жобалардың жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы, қаланың экономикасын әртараптандыру мен дамытуға ықпал етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының артуы қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін жаңа әлеуметтік объектілердің, жолдардың, инженерлік инфрақұрылымдардың салынуына да оң әсер етеді.

Қорыта айтқанда, Кентау қаласының 2025 жылдың алғашқы үш айындағы тұрғын үй құрылысы мен құрылыс жұмыстарының көрсеткіштері оң үрдістерді байқатуда. Тұрғын үй көлемінің артқаны және құрылыс жұмыстарының жоғары көрсеткіштері қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда.

Қалалық экономика мен қаржы бөлімінің басшысы И. Азизбаев мәлімдегендей, құрылыс саласындағы өсім — бұл қаладағы инфрақұрылымын жаңғырту мен тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша атқарылған жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта да бұл саладағы тұрақты даму мен жаңа жобалардың іске асырылуы қала экономикасының нығаюына орасан қор ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *