Бюджет қаржысы мақсатты түрде жұмсалып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 2025 жылға арналған облыстық бюджет туралы шешімді бекітті. 2025 жылдың сәуір айында Түркістан облысының облыстық мәслихаты бекіткен №16/220-VIII шешімі бойынша, жергілікті бюджеттің жылдық жоспары нақты түсімдермен салыстырғанда жақсы көрсеткіштерге жетті. Салықтардың жылдық жоспары аймақ экономикасының дамуымен қатар орындалғаны байқалады.
2025 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысы бойынша, салық түсімдерінің орындалу көрсеткіштері Түркістан облысында оң нәтижелерді көрсетті. Мәселен, Кентау қаласы мен оған қарасты 4 ауылдық округ бойынша жоспардан артығымен түсімдер тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, 2025 жылға бекітілген салық жоспары бойынша Кентау қаласы және оған қарасты 4 ауыл округі үшін жалпы салық түсімінің жоспары 45,616 мың теңгені құраған еді. 12 мамырдағы жағдай бойынша нақты түсім 70,475 мың теңге болды, бұл жылдық жоспардан 24,859 мың теңгеге артық түсім болды.
Тарқатыңқырап айтсақ, Ащысай: жоспар — 5,270 мың теңге, нақты түсім — 4,781.3 мың теңге; Қарнақ: жоспар — 24,624 мың теңге, нақты түсім — 48,686.6 мың теңге (жоспардан артығымен 24,062.6 мың теңге); Хантағы: жоспар — 11,856 мың теңге, нақты түсім — 13,740.1 мың теңге (жоспардан артығымен 1,884.1 мың теңге); Байылдыр: жоспар — 3,866 мың теңге, нақты түсім — 3,666.7 мың теңге.
Жалпы алғанда, 4 ауыл округі бойынша салық түсімдерінің 7 негізгі көзінен жоспар бекітілген болса да, бекітілмеген 2 түсім көзі бойынша да түскен қаржы байқалады. Олар — 104501 БСК-нан 791.7 мың теңге, және 303101 БСК-нан 63.7 мың теңге түсім болды.
Кентау қаласындағы ірі салық төлеуші болып табылатын «КТЗ» АҚ-сы 2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджетке 984,160 мың теңге салық төлеген. Оның ішінде, республикалық бюджетке 884,762 мың теңге (58,4% республикалық бюджеттің жалпы түсімінің үлесі), жергілікті бюджетке 99,398 мың теңге (5,1% жергілікті бюджеттің жалпы түсімінің үлесі). Бұл көрсеткіш өткен жылдың бірінші тоқсанына қарағанда, республикалық бюджетке түсімдер 358,820 мың теңгеге артқанын, ал жергілікті бюджетке түсімдер 1,681 мың теңгеге кемігенін көрсетеді.
Қорыта келгенде Түркістан облысында салық түсімдері 2025 жылдың алғашқы кезеңінде жоспардан артық орындалды. Бұл өңірдің экономикасының жақсы дамуынан және салық төлеушілердің жауапкершілігінің артуынан көрініс табады. Әсіресе, Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл округтерінің қаржы көрсеткіштері оң болып отыр, бұл жергілікті бюджеттің нығаюына әсер ететін маңызды фактор.
Облыс әкімдігі мен жергілікті басқару органдарының салық түсімдерін арттыру бағытында қабылдаған шаралары нәтижесінде бюджет қаржысы мақсатты түрде жұмсалып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда.