ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шардара ауданында қазақ күресінен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр. Жыл сайын жалауы желбірейтін бозкілемдегі бәсеке биыл 62-рет ұйымдастырылып отыр. Турнирдің ашылу салтанатына облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров пен Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.
Дүбірлі додада өңірдің түкпір-түкпірінен келген ең мықты деген 100-ден астам балуан өзара күш сынасуда. Түйе балуан сайысының жеңімпазы жарыстың бас бәйгесі автокөлікке ие болады. Жалпы турнир – ұлттық спортты дәріптеуге, бозкілем бәсекесінде өңірдің ең таңдаулы балуандарын анықтап, қазақ күресі әдістерінің үлгілерін көрсетуге бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *