САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте, бүгін ауданда ұйымдастырылған тазалық шарасына 700-ден астам адам қатысты. Атқарылған жұмыстар аясында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдар мен ішкі көшелердің бойы қоқыстан тазартылды.
Сондай-ақ, арық-атыздар ретке келтіріліп, жол жиегіндегі шөптер орылды. Тазалық жұмыстарына 4 арнайы техника жұмылдырылған. Жалпыхалықтық сенбілік аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі