ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН АСЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мамандары бірлесіп, дөңгелек үстел өткізді. Шараның басты мақсаты –мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардың барлық салаларында тиімді қолданылуын қамтамасыз ету.
Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» аудандық филиалының мамандары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасының орындалу мәселелері кеңінен талқыланды.
Өз кезегінде ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы Қылышбек Тұрмахамбетов баяндама жасап, қатысушылар аталған тақырып аясында ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында тіл – халықтың рухани байлығы ғана емес, ел бірлігінің негізі екендігі айтылып, мемлекеттік тілге деген жауапкершілік қоғамдағы татулық пен келісімді қалыптастыратыны атап өтілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *