ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде жеке құраммен саптық жиын өтті. Шарада жеке құрамға патрульдеу бағыттарын көбейтіп, жедел әрекет етуге және адамдар көп шоғырланатын орындарды бақылауға тапсырмалар берілді.
Оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суға түсу маусымында орын алуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алу мәселелері көтерілді. Қауіпсіздік шарасы ретінде тыйым салынған және қараусыз қалған жағажайларда суға шомылуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің жиналатын орындарында бақылауды күшейту тапсырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршаға ортақ жауапкершілік екені дежеткізілді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі