ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖАҒАЖАЙ ВОЛЕЙБОЛЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Ақтау қаласында 7-12 маусым аралығында жағажай волейболынан ел біріншілігі өтті. 2011-2012 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасындағы сайыста түркістандық спортшылар топ жарып, жеңімпаз атанды.
Облыс намысын қорғаған Арыс қаласының жас спортшылары Бексұлтан Базарбай мен Нұрсұлтан Әбілбек барлық қарсыластарын жеңіп, облыс абыройын асқақтатты. Жасөспірімдердің жетістікке жетуіне тәжірибелі бапкерлер Ербол Спатай мен Файзулла Мамықов өз үлестерін қосқан. Олар қос спортшыны жарысқа жан-жақты әрі жүйелі дайындап, жеңіске жетелеуде кәсіби шеберлік танытқан.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *