Есірткінің зияны: Ұрпақтың болашағына төнген қауіп

Түркістан облысында сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 49 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Есірткі – тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың болашағына қатер төндіретін улы зат. Ол адамның денсаулығын ғана емес, ақыл-ойын, ар-намысын, рухын жойып, өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді. Ең сорақысы – есірткінің кесірінен болашақ ұрпағымыздың да өмірі қауіпке ұшырайды.
Есірткіге тәуелділік адамның генетикалық саулығына әсер етіп, дүниеге келетін сәбилердің денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Мұндай сәбилер жиі кемтар, әлсіз немесе психикалық ауытқумен туылады. Осылайша, бүгінгі бір адамның қателігі – ертеңгі тұтас ұрпақтың қасіретіне айналуы мүмкін.
Егер жастар есірткіге еркін жол ашса, ертеңгі ел тізгінін ұстар сауатты, саналы буын қалмайды. Ұрпақтың тәрбиесі, ұлттың тірегі – таза сана мен дені сау ұрпақ. Сондықтан есірткімен күрес – ұлтты сақтау жолындағы маңызды міндет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *